Search

Әкімшілік

Балкибекова Венера Затыбековна – «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК бас дәрігері.

Балкибекова Венера Затыбековна 1974 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «жедел медициналық жәрдем дәрігері» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстандық медицина университеті «ЖДБМ»-де «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін, «Қайнар» Тараз технологиялық институтын «экономика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алып бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби қызметін жедел медициналық жәрдем станциясынан бастаған. 1998-1999 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының базасында интернатурадан өткен. 1999-2005 жылдары ЖМЖ шығу бригадасының дәрігері болып жұмыс істеген. 2005-2010 жылдары жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік қызметінің жұмысын басқарған. 2010 жылғы қыркүйектен бастап Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-ін басқарып келеді.

Марапаттары:
2015 ж. – «Медицина саласындағы еңбегі үшін» ордені
2016 ж. – «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі
2017 ж. – «Гиппократ» ордені, Ресей наградалау комитеті
2018 ж. – «Жедел медициналық жәрдем қауымдастығының үздігі» төс белгісі
2020 ж. – «Халық алғысы» медалі, Қазақстан Республикасы Үкіметі
2022 ж. – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі, ҚР Министрлігі
2024 ж. – ҰКШЖО «Жедел медициналық жәрдемнің ардагері» төс белгісі

Кызгараева Кулзахира Сапаркуловна  – Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық бөлім жөніндегі бас дәрігердің орынбасары, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының жедел медициналық жәрдем бойынша штаттан тыс маманы, ЖМЖ тәуелсіз сарапшысы.

Кызгараева Кулзахира Сапаркуловна 1964 жылғы 25 қыркүйекте Жамбыл облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.

Білімі:
1987-1993 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина институты, емдеу ісі.
2016 ж. – РИПОВ, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлау.
2024 ж. – Қазақстандық медицина университеті «ЖДБМ», денсаулық сақтау менеджменті.

Еңбек жолы:
1993-1994 жж. – Алматы мемлекеттік медицина институтының базасында «терапия» мамандығы бойынша интернатура.
1994-1997 жж. – Тараз қаласы №1 қалалық емханасының терапевт дәрігері.
1997-2006 жж. – ЖМЖ шығу бригадасының дәрігері.
2006-2010 жж. – ауысымның аға дәрігері.
2010-2014 жж. – ЖМЖМС жедел бөлімінің меңгерушісі.
2014 жылдан бастап – ЖОЖМЖС емдеу жұмысы жөніндегі бас дәрігердің орынбасары.

Марапаттары:
Қазақстан Республикасы Үкіметі:

  1. 2016 ж. – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
  2. 2021 ж. – «Халық алғысы» медалі
  3. 2026 ж. – «Ерен еңбегі үшін» медалі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:

  1. 2018 ж. – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі
  2. 2024 ж. – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі

ҰКШЖО және Қазақстан Республикасының жедел медициналық жәрдем қауымдастығы:

  1. 2017 ж. – «Үздік қызметкер» төс белгісі
  2. 2021 ж. – «Қазақстан Республикасының шұғыл медициналық көмек қызметіне 10 жыл» төс белгісі
  3. 2026 ж. – ҰКШЖО «Шұғыл көмек ардагері» төс белгісі

Жамбыл облысы әкімдігі:

  1. 2023 ж. – «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісі.

Пыхыбаева Улпан Катипхановна – медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігердің орынбасары.

Пыхыбаева Улпан Катипхановна 1978 жылғы 21 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.

Білімі:
1995-2001 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы, «емдеу ісі» мамандығы.

Еңбек жолы:
2001-2002 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының базасында «жалпы практика дәрігері» мамандығы бойынша интернатура.
2002-2003 жж. – Сарыағаш аудандық денсаулық сақтау бөлімінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, медициналық статистика бюросының дәрігері.
2003-2004 жж. – Сарыағаш аудандық «Күркелес» ауылының отбасылық дәрігерлік амбулаториясының терапевт дәрігері.
2004-2015 жж. – Тараз қаласы жедел медициналық жәрдем станциясының шығу бригадасының дәрігері.
2015 жылдан бүгінгі күнге дейін – медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас дәрігердің орынбасары.

Марапаттары:

  1. 2018 жыл – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» денсаулық сақтау төс белгісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.
  2. 2024 жыл – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.

ХАБАРЛАНДЫРУ