Search

Беларусь Республикасы Жедел медициналық жәрдем бригадаларының VI Халықаралық чемпионат

🏆Қазақстан Республикасының атынан қатысқан Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бригадасы Беларусь Республикасы Жедел медициналық жәрдем бригадаларының VI Халықаралық чемпионатының жеңімпазы атанды! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Чемпионатқа әр елден келген 26 жедел жәрдем командасы қатысты — олар Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстаннан келген ең мықты мамандар. Қатысушылар кәсібилік пен командалық әрекеттердің үйлесімділігін көрсетіп, тартысты сынақтардан өтті. Дәл осы жерде біздің команда жоғары дайындық деңгейін, төзімділік пен нағыз командалық рухты көрсетіп, 1-ші жүлделі орынды жеңіп алды! Бұл жеңіс — күнделікті еңбектің, кәсіби дағдыларды үздіксіз шыңдаудың және өз ісіне деген адалдықтың нәтижесі.
Жамбыл облыстық жедел жәрдем командасын шын жүректен 🥇жүлделі жеңістерімен құттықтаймыз! Алда алар асулар мен биік шыңдарды бағындыруларына тілектеспіз 👏👏👏

ХАБАРЛАНДЫРУ