Сұрақ–Жауап

Фотобаян

Бейнебаян

Басқалар

Біздің тарихымыз

«Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК

Жамбыл облысының жедел медициналық жәрдем қызметі ХІХ ғасырдың соңынан бастау алады. Архив деректері бойынша 1873 жылы Әулиеата уезінде (Жамбыл облысы) алғашқы қалалық ауруxaна ашылған. Дәл сол жылы фельдшер мен сейістен тұратын жедел жәрдем қызметі ұйымдастырылды. Шақыруларға атпен жегілген күймемен немесе арбамен барған.

1960 жылы жедел медициналық жәрдем көрсету қалалық ауруханасы (ЖМЖКА) ұйымдастырылды. ЖМЖКА құрамында жедел жәрдем қызметі ЖМЖ бөлімшесі ретінде болды. Қалыптасу кезеңінің басында оның құрамында небәрі 2 автокөлік, 10 фельдшер және радиостанциямен және 2 стационарлық телефон аппаратымен жабдықталған шағын диспетчерлік болды. Жамбыл қаласы бойынша шақыруларды екі диспетчер қабылдады. Аудандарда жедел медициналық жәрдем АОА құрамында болды. 1996 жылдан бастап жедел медициналық жәрдем станциясы дербес ұйым ретінде жұмыс істей бастады.

2010 жылдан бүгінгі күнге дейін жедел медициналық жәрдем қызметін Балкибекова Венера Затыбекқызы басқарады. Оның басшылығымен жедел жәрдем сапасын арттыру мақсатында екі қосалқы станция ашылды:

  • 2007 жылы №2 «Байтерек» қосалқы станциясы;
  • 2012 жылы №3 «Бүркіт» қосалқы станциясы.

Жедел жәрдем қызметін жетілдіру мақсатында 2010 жылы бастапқы медициналық-санитариялық көмекпен, Жамбыл облысының стационарларымен және санитарлық автокөліктің GPS-навигациясымен интеграцияланған заманауи «Көмек» шақыруларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Осылайша, өзі жоғары тәртіпті және ұйымшыл адам бола отырып, Венера Затыбекқызы жедел жәрдем қызметінің барлық жүйесін жетілдірді.

Оның басшылығымен 2018 жылғы шілдеде қалалық станция облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы болып қайта ұйымдастырылды. Жедел медициналық жәрдем мен медициналық авиацияның барлық қызметі біріктірілді. Біріктіру нәтижесінде Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы (ЖОЖМЖС) құрылды.

Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының қазіргі құрылымында: 1 станция, 3 қалалық қосалқы станция, ЖМЖ-нің 11 аудандық бөлімі және телемедицина қызметтері бар медициналық авиация бөлімі бар.

Облыс бойынша шығу бригадаларының саны – 93 (қала – 41, ауыл – 52).

Қазіргі уақытта жедел жәрдем станциясында 1662 адам еңбек етеді.

Жедел медициналық жәрдемнің Call-орталығы

2019 жылы облыстық жедел жәрдем станциясының базасында Call-орталық ұйымдастырылды. Call-орталық «103» желісінің 13 кірісімен жабдықталған. Шақыруларды ҰКШЖО базасында шақыруды қабылдау және «қоңырауды ұстап тұру» бойынша арнайы оқытылған 13 диспетчер қабылдайды. «Қоңырауды ұстап тұру» әдісін енгізу арқылы жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін пациентке көмек көрсету мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі уақытта жедел бөлім барлық жедел жәрдем станцияларындағы ең ірі және маңызды бөлім болып табылады. Бөлім жедел жәрдем шақырып жатқан адамдармен келіссөз жүргізеді, шақыруларды қабылдайды, орындау үшін шақыруларды шығу бригадаларына береді, бригадалар мен санитарлық автокөліктің орналасқан жерін бақылайды. Аға кезекші дәрігерден басқа бөлімшенің құрамына: аға диспетчер, шақыруларды қабылдау диспетчерлері, бағыттау диспетчері кіреді.

Медициналық авиация

Медициналық авиация мамандары тәуліктің кез келген уақытында аса ауыр науқастарды құтқару үшін алыс аудандарға шығады. Медициналық авиация әуе және жер көлігімен қамтамасыз етілген. 3 мобильді бригада ұйымдастырылған (акушерлік-гинекологиялық, балалар-неонаталды және жалпы дәрігерлік). Қазақстан Республикасының жоғары мамандандырылған мамандарымен консультация өткізу үшін Республикалық ғылыми-зерттеу институттары мен шұғыл жедел медициналық жәрдем орталықтарымен байланыс жасау мақсатында телемедицина ұйымдастырылған. Осылайша медициналық авиация бригадалары Жамбыл облысы бойынша білікті көмек көрсетеді.

Симуляциялық кабинет

Венера Затыбекқызының басшылығымен облыстық жедел жәрдем станциясының базасында симуляциялық кабинет ұйымдастырылды. Соның арқасында ЖМЖ медицина қызметкерлері BLS, ASLS, PALS, PHTLS халықаралық стандарттары бойынша практикалық дағдыларды күшейтіп меңгере бастады, жедел жәрдем бригадалары арасындағы халықаралық жарыстарға қатысатын болды. Симуляциялық кабинеттің жұмыс тиімділігі мынада: тасымалдау кезеңінде өлім жағдайларының азаюы және стационарға дейінгі кезеңде сәтті реанимация пайызының артуы. Қызметкерлер қатарынан 1 дәрігер және 2 фельдшер халықаралық тренер деңгейінде оқытылды, үш фельдшер BLS, ASLS, PALS, PHTLS халықаралық стандарттары бойынша халықаралық провайдер болып табылады.

Жедел жәрдем қызметкерлері дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізу үшін қоғамдық орындарға да барады.

Жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша оқыту нәтижесінде жедел медициналық жәрдем көрсету сапасы артты, бұған Жамбыл облыстық ЖМЖ станциясы бригадаларының жедел медициналық жәрдем бригадаларының Республикалық жарыстарындағы жүлделі орындары дәлел бола алады.

Жедел медициналық жәрдем – шұғыл медициналық көмекті қажет ететін аурулар мен жағдайлар туындаған кезде медициналық көмек көрсетудің бір түрі болып табылады.

Соңғы кезде әлемнің барлық елдерінде жүрек-қантамыр аурулары, жұқпалы аурулар, жазатайым оқиғалар, жаппай апаттар мен төтенше жағдайлардың саны артып келеді. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесіндегі жедел жәрдем қызметі аса маңызды және әлеуметтік мәні зор болып қала береді әрі ерекше орын алады. Кез келген төтенше жағдайларда жедел медициналық жәрдем бригадалары бірінші болып шығып, күрделі жағдайларда медициналық көмек көрсетеді. Сондықтан біздің қызметіміз адамнан үлкен өзін-өзі беруді, адамдарға ізгі көзқарасты және, әрине, жоғары кәсібилікті талап етеді.

ХАБАРЛАНДЫРУ