| 1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Денсаулық сақтау субъектілері. |
| 2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Денсаулық сақтау субъектілері, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы. |
| 3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Диспетчер шақыруды қабылдаған сәттен бастап оны өңдеу уақыты 5 минутты құрайды, осы уақыт ішінде шақырудың шұғылдық санаты бойынша сұрыптау жүргізіледі.
Диспетчерден шақыруды алған сәттен бастап бригаданың пациенттің тұрған жеріне келу уақыты жедел медициналық жәрдем шақыруларының шұғылдық санаттарының тізбесіне сәйкес (10 минуттан 60 минутқа дейін) белгіленеді. |
| 4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде/электрондық. |
| 5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Жедел медициналық жәрдем шақыру. |
| 6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
| 7 | Жұмыс кестесі | Тәулік бойы. |
| 8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер:
1) пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жасы және жынысы; 2) пациенттің жай-күйі туралы деректер және жазатайым оқиғаның, жарақаттың немесе аурудың мән-жайлары; 3) мекенжайы мен телефоны, сондай-ақ пациенттің тұрған жеріне жол жүрудің болжамды деректері. |
| 9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Көзделмеген. |
| 10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар | Денсаулық жағдайының бұзылуы кезінде азаматтардан түсетін шақырулар «103» нөмірі бойынша қабылданады. |
Мекен-жайы
Қазақстан Республикасы, 080000 Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы 117А
Қабылдау бөлмесі
+7 (7262) 54-11-10
Call-центр
+7 (7262) 43-76-78